Тақырыбы: «Елін сүйген Президент»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Тіл дамыту, Жапсыру.
Білім беру саласы: «Қатынас» «Шығармашылық»
Мақсаты: Балаларға еліміздің Президентін, рәміздерімізді таныстыру. Өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Мәнерлеп тақпақ айтуға үйрету.
Көрнекіліктер: Слайд, үлестірмелі материал, теледидар, суреттер.
Методикалық әдісі: Түсіндіру, көрсету, ойын, сұрақ - жауап, мадақтау
Мотивациялық қозғаушы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, шаттық шеңберіне шақырады.
Отаным менің кең - байтақ,
Жайнаған сансыз қаласы,
Ел - Отан біздің кең - байтақ,
Отанның біздер баласы.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар бізге көптеген қонақ апайлар келіпті, орнымыздан тұрып, келген қонақ апайлармен сәлемдесіп алайық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Барша жанды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілінен кейін қай мезгіл келетінін білесіңдер ме?
- Қыс мезгілі келеді екен.
Қыс мезгілінің ең алғашқы күні бізде үлкен мереке болады. Ол мереке біздің Елбасымыздың құрметіне арналады.
- 1 желтоқсан күнін Президент күні деп атайды. Сендер елбасымызды білесіңдер ме?
- Ал, балалар, көгілдір экранға назар аударайық.
- Балалар, бұл кім?
- Балалар, сендер қандай елде тұрасыңдар?
- Әр елдің өз басшысы болады. Біздің де Елбасымыз бар. Оның есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыз. Елбасымыз Астана қаласында тұрады. Мынау – Астана қаласы. Ал мынау балалар, елбасымыздың жұмыс жасайтын орны – Ақорда.