
ХАБАРЛАНДЫРУ
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
Балаларды қабылдау туралы
Құрметті ата-аналар!
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы 2025–2026 оқу жылына арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға балаларды қабылдау жүргізілетінін хабарлайды.
Қызмет түрі: Мемлекеттік қызмет «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау»
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 1 шілде – 15 тамыз 2025 ж
Мекенжай: Панфилова 4
Байланыс телефоны: 8(716)35 51-4-49
Өтініш беру тәсілі:
• Akmola.kz электрондық порталы арқылы
• Немесе тікелей балабақшаға келіп, қажетті құжаттарды тапсыру
Қажетті құжаттар тізімі:
1. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі
2. Ата-ананың жеке куәлігінің көшірмесі
3. Денсаулық сақтау ұйымынан № 026/у-3 үлгідегі медициналық анықтама
4. 063/у үлгісіндегі профилактикалық екпе картасы
5. Тұрғылықты жерінен анықтама (тіркеу)
Ескерту: Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтініш қабылданбайды.
Балаларыңыздың жарқын болашағы үшін сенімді қадам жасаңыз – «Құлыншақ» балабақшасы Сіздерді асыға күтеді!