Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қийма ауылының "Құлыншақ" балабақшасы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад" Кулыншак " села Кийма при отделе образования Жаксынского района управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тренинг-сабақ жоспары

Тренинг-сабақ жоспары

Тақырыбы: «Кел, танысайық»

Бөлімі:

Әлеуметтік-тұлғалық даму

Жасы:

3–5 жас (балабақша немесе консультативтік пункт)

Ұзақтығы:

15–20 минут

Мақсаты:

- Балаларды бір-бірімен таныстыру, топқа бейімдеу.

- Өз атын айтуға, өзін таныстыруға үйрету.

- Балалар арасындағы эмоционалдық жақындықты арттыру.

- Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі – «Шаттық шеңбері»

Балалар шеңберге тұрып, амандасады.

Өлең:

Қане, келдік шеңберге,

Жылу толсын көңілге.

Қол ұстасып бәріміз,

Танысайық бүгін біз!

2. Танысу жаттығуы – «Сиқырлы доп»

Допты алған бала өз атын айтады.

3. «Мен қандаймын?» жаттығуы

Балалар смайлик таңдап, өз көңіл-күйін айтады.

4. Қозғалыс ойыны – «Танысу пойызы»

Пойыз болып жүріп, музыка тоқтағанда жанындағы баланың атын айтады.

5. Жұптық жұмыс – «Досыма сыйлық»

Балалар бір-біріне қиялдағы сыйлық береді.

6. Қорытынды – Рефлексия

Балалар смайлик таңдап, сабақты бағалайды.

Сабақтың қорытындысы

«Кел, танысайық» тақырыбындағы тренинг сабағы жоспар бойынша толық өткізілді. Балалар белсенді қатысып, еркін танысып, жаңа достарымен сөйлесе алды. Сабақ барысында жағымды эмоционалдық атмосфера қалыптасты.

Өткізілген сабақтың нәтижесі

- Балалар өз аттарын сенімді айтты;

- Бір-бірімен танысып, жаңа есімдерді есте сақтады;

- Қарым-қатынасқа қызығушылық танытты;

- Жаттығуларға белсенді қатысты;

- Көңіл-күйін дұрыс жеткізе алды;

- Бір-біріне жылы сөз айтуға үйренді.

Жалпы нәтиже: Сабақтың мақсаты толық орындалды.


Текст