1-маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың күлкісі-көркі, сәні әлемнің» мерекелік ертеңгілігі.
Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын- сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: түрлі –түсті шарлар, бор, суреттер,музыка.
Жүргізуші:
Бақшаға біз гүл ексек,
Балдырғаным, сен үшін,
бақытыңды жыр етсек,
Балдырғаным, сен үшін
Жігіт болар,күні ертең
Балдырғаным, гүл еркем
Бақытты бол,өсе бер,
Құтты болсын мерекең!
(балалар тақпақтарын айтады)
(Чунга чанга биі).
Қимылды ойын:«Ұшты-ұшты»
Мақсаты :балалардың ойлау қабілетін дамыту.
Ойын шарты :Ұшты-ұшты,қаз ұшты!(қол көтеріледі).
Ұшты-ұшты,саз ұшты!(қол көтерілмейді)
Ұшты-ұшты,үйрек ұшты(қол көтеріледі)
Қимылды ойын:«Көжектер мен түлкі»
Мақсаты: балаларды шапшандыққа,ұйымшылдыққа үйрету.
Ойын шарты: Бір бала түлкі болып сайланады,қалған балалар көжек болып дөңгелене отырады.
Ойын жүргізуші:Көжектерім тұршы,беттеріңді жушы
Ну орманға барайық,тамақтанып алайық.
Қоян:Жалмандаған қу түлкі,келіп қапты орманнан.
Көжектерім қайда?-деп,еріп келеді соңымнан.
Көжектер ән ырғағымен секіріп,қаша жөнеледі,түлкі қуады.
«Қошақаным қайда екен?» әні.
Қимылды ойын:«Толқиды теңіз»
Мақсаты: балаларды шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ойын шарты: Балалар ойын алаңында айналып жүріп:
«Толқиды теңіз бір,
Толқиды теңіз екі,
Толқиды теңіз үш,
Толқиды теңіз т ө рт» -сөз жолдарын айтады.
Тәрбиеші белгісі бойынша:«Толқын мұз бол»-дегенде балалар қозғалмай қалу керек.
«Тез жауап бер.»
Ойын мақсаты: Түстерді, пішіндерді, сапасын дұрыс атай білуге дағдыландыру.
Ойын шарты: Балалар шеңберде тұрады, допты кім қағып алады сол бала заттың аты мен түсін айтып допты келесі балаға лақтырады. «Жасыл»- жапырақ, «көк»- аспан, «сары»- күн, «қызыл»- гүл, «ағаш»- отырғыш, «тас»- үй, «темір»- қасық т. б. Ойынды үйренгесін тапсырманы күрделендіруге болады. Бір сөзбен жауап бермей екі,үш сөзбен жауап беруге болады.
«Әрқашан күн сөнбесін» әні.
Суретші ойыны.
Суретші кіреді.Қолында түрлі түсті бояулар бар)
Суретші: Сәлеметсіңдер ме,балалар? Мен-Суретшімін. сендерге түрлі-түсті борлар әкелдім.Сурет сала аласыңдар ма?
Балалар: Ия!
Суретші: Олай болса,асфальтқа сурет салайық. Қай топтың суреті әдемі болар екен?
(әр топтың тәрбиешілері балаларымен асфальтқа сурет салады. Суретші тексереді)
Балалрға сыйлықтар беріледі.
Жүргізуші:
Бұлтсыз күн,ашық аспандай ,нұрын шашқан күн сәулесіндей біздіңбалаларымыз бейбіт өмір сүрсе екен,олардың жүректерін қайғы мұң шалмаса екен!