Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Қийма ауылының "Құлыншақ" балабақшасы" мемлекеттік комуналдық қазыналық кәсіпорын
Государственное коммунальное казенное предприятие "Детский сад" Кулыншак " села Кийма при отделе образования Жаксынского района управления образования Акмолинской области

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жапсыру"сабағы

17.03.2020

 

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Жапсыру.

Тақырыбы: «Көктем гүлдері»

Мақсаты: Балалардың көктем мезгілі және көктем гүлдері туралы түсінік беру. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін, қол моторикаларын дамыту, берілген сұраққа жауап беруге үйрету. Әдептілікке, үлкенді сыйлауға үйрету.

Қажетті құрал–жабдықтар, көрнекіліктер: Көктем гүлдер суреттері, слайд, үлгі суртеттер, ақ қағаз, түрлі-түсті қағаздар қиылған, майлық.

Билингвалды компонент: Бәйшешек-подснежник, бақ- бақ –одуванчик, қоңыраугүл – колокольчик, қызғалдақ- тюльпан, гүл- цветок, көктем – весна.

Мотивациялы-ынталандыру кезең

I.Кіріспе бөлім.

Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Ендеше күндей жадырырап бүгінгі күнімізді бастайық. Шұғылалы күнмен амандасып алайық.

«Амандасу рәсімі»

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуағын төгіп нұр,

Сәлем, Күн – анаға!

арқылы әңгімелеу

Кіріспе сұрақтар қою:

-Балалар, қанеки, есімізге түсірейікші жылдың неше мезгілі бар?

-Жыл мезгілдерін атаңдаршы.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын атаңдаршы?

 

 

Балалар тәрбиешімен қонақтармен амандасады.

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңберіне тұрып, күнге қолдарын созып күннің жылуын сезінеді.

 

 

 

 

 

 

Төрт мезгілі бар.

Күз, қыс, көктем, жаз.

Жыл мезгілі – Көктем.

Наурыз, сәуір, мамыр.

 

 

 

 

Просмотров: 363


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст