«Аяулы анашым!» атты
8- наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік.
Аналарды сүйеміз!
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар-
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Кұрметті апа, аналар!
Жүргізуші:Қымбатты да ардақты, аяулы аналар мен құрметті көктемдегі құлпыраған қыздар!
Гүл көктем, ару көктем, күн көктем!
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8-наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге әлемнің нұрын,өмірдің гүлін,көктемнің шуағын тілейміз!Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер! Балалардың сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты ертеңгілімізді қабыл алыңыздар.
Балалар залға көңілді ән-күймен ,ұлдар кіреді бір рет айналып тоқтайды,содан кейін қыздар кіреді билеп бір рет шеңберді айналып ұлдарға қарама-қарсы тұрады,ұлдар бір-бірден барып қыздардың қолдарынан ұстап орындыққа отырғызады,содан кейін өздері отырады.
Ән «Құттықтаймын мама туған күнінмен»Хор
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.-дей отыра сіздерге арналған тақпақтары қабыл алыныздар!
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізі.
Әр сөзімді жаттаған,
Жүрегімде сақтаған.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ анам
Алпештеген аялаған.
Ақ сүт берген апатайым.
Салем жазып бүгін саған.
Мейрамыңмен құттықтайымын!
Анаң болса қасында
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
. Айналайын анашым,
Әлпештеген баласын.
Еміп өскен бөбекпіз,
Анамыздың мамасын.
Бүгінгі сайысымыздың «Мен – Анамын, ұрпағын әлдилеген» деп аталу себебінің бір сыры осында жатыр. Ендеше сайысқа қатысушы аналарымызды бүлдіршін қыздарымызбен бірге яғни, кішкене ғана көмекшілерімен бірге ортаға шақырайық.
Әділқазылар алқасымен және сайыс шарттарымен таныстыру.
Сайыс шарттары:
1. Таныстыру;
2. «Сән патшалығына саяхат» қыздардың киім және шаш үлгісі;
3. «Көтерейік көңілді ән-жырменен» өнер сайысы;
4. «Таңдайдан дәмі кетпес тәтті астың» ас мәзірі;
5. «Ұтқыр сұраққа, ұтымды жауап» сұраққа жауап;
6. Қорытынды.
1-бөлім — Таныстыру:
-Тамылжытып сөздерін,
Таныстырсын өздерін – деп кезекті аналарға берейік.
Мен анамды сүйемін,
Құшағына енемін.
Мәпелеген анамды,
Қуантсам деп келемін.
Бүгінгі көктем күнінде,
Барлық адам қуанар,
Аналарды мейраммен
Құттықтайды балалар.
Мені жақсы көреді
Күндей күліп келеді
Көп ертегі біледі
Маған айтып береді
2-бөлім – «Сән патшалығына саяхат»
-Шебер ана көп болған-ау ертеде,
Шеберлікпен аты шыққан өлкеге – деп аналарымыздың өз қолдарымен даярлаған киім және шаш үлгісін тамашалайық.
. Бәрімізге анамыз
Біз үшін күн боп жанасың
Құтты болсын мерекең
Құттықтаймын анашым!
Бізді өсірген анажан.
Енбегі де зор екен.
Құтты болсын анажан!
Құтты болсын мерекен!
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым.
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.
3-бөлім – «Көтерейік көңілді ән-жырменен»
-Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі аналардың байқауында,
Баршасы аянбай-ақ жан салыпты (сайыскерлер өз өнерлерін көрсетеді).
Ана біздің күніміз
Ананың біз гүліміз
Балаларды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.
Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймын мерекеңмен,
Құрметті Аналар!
4-бөлім – «Таңдайдан дәмі кетпес тәтті астың»
-Бұл бір берген сыйы ғой табиғаттың,
Дәмі тілді үйірер бал шәрбаттың.
Ішсең шөлді қандырар, жесең тойып,
Таңдайдан дәмі кетпес тәтті астың (Әр ана дайындап әкелген тағамдарын таныстырады).
Қызықтап әр сөзімді
Жүрегінде сақтаған,
Сабырлы да төзімді
Анашыммен мақтанам
Бізге қарап елжіреп,
Сүйіп беттен ақ мамам,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіремін шаттанам.
5-бөлім – «Ұтқыр сұраққа ұтымды жауап» ата аналарға
Таңдап алған сұраққа жауап береді және мақалды жалғастырады.
Кәрі жілікті тек қарияларға ғана тартады, аты айтып тұрғандай кәрі яғни кәрілердің ризығын алу үшін тартылады
Қыз өссе елдің көркі, …
таңдайы тақылдаған шешен болсын деген ырым бар
Әке көрген оқ жонар, …
Бата жасап, бас кескен қариялар, алдымен, бастың езуінен бір кесіп алып өзі ауыз тиген соң, бастың оң жақ құлағын кесіп алып, үйдегі жасы ең кіші балалардың біріне: «Мə, балам, құйма құлақ бол, сөз тыңда, үлкендердің лебізін жерге тастамайтын жақсы азамат бол!» - деп береді. Міне, бұл «құлақ беру» деп аталады.
Ананың көңілі балада, …
4. Күннің шуағы жылы, …
5. Баланың білегі ауырса, …
6. Қызың өссе қылықтымен ауылдас бол,
Біздікі болғанымен басқалар қолданатын
нәрсе?
(Есіміміз)
Ұзарған сайын қысқаратын нәрсе не?
(Өмір)
Бір кісі найзағай жарқылдаған сайын
шашын тарайды екен, неге?
(Фотоға түсіп жатырмын деп ойлайды
екен)
Қай айда 28 күн бар?
(Барлық айда)
Мені ешкім түсінбейді, неге?
(Өйткені ол ешкі ғой)
Бірінші төрт аяқты, кейін екі аяқты, одан
кейін үш аяқты ол не?
(Адам)
Лимонның жартысы неге ұқсайды?
(Екінші жартысына)
Король кімнің алдында тәжін шешеді?
(Шаштараздың)
Ұрғашы кенгуру қандай жағдайда қатты
ашуланады?
(Қалтасындағы баласы бұтына жіберіп
қойған кезде)
Суды елекпен қалай тасуға болады?
(мұз қылып қатырып)
Аяқкіим жөндеушілердің ең жақсы
көретін клиенті?
(Қырықаяқ)
Қай жерде жексенбі сенбіден бұрын
келеді?
(Сөздікте)
Итпен биттің айырмашылығы неде?
(Иттің үстінде бит болады, бірақ биттің
үстінде ит болмайды.)
Құлақ не үшін керек?
(Көзілдірікті ұстап тұру үшін)
Қатты жылдамдықпен келе жатқан жүк
машинаны бір қолымен кім тоқтата
алады?
(Жол полициясы)
Еліміздегі ең ұзын ағаш қайда өседі?
Жүргізуші:
Ақ қар еріп
Су көбейіп!Сай салаға толады.
Ағаш басы бүршік атып,
Гүл бәйшешек басады.
Балаларым айтындаршы бұл қай кезде болады?\Көктем мезгілінде\
Қыздардың биі : Гүлдер биі
Аналарды сүйеміз
Ақылын ойға түземіз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де
Көктем келді шуақты,
Балаларды қуантты.
Алақай-ау, алақай!
Құстар сайрап, гүл атты!
Апатайым анашым
Ақылы мол данасың
Қамқоршысы баланың
Гүлі сенсің әр үйдің.
Жүргізуші:Тамаша,міне көрдіңіздерме біздің балалар өнерлі әнші, және өсіп жатқан артистер!
Мерекеге арналады бүгін билер ,
Көтерілсін канекей,көңіл күйлер
Алдарыңызға қазір ұлдар биі.
Қол соғып демеу берер көрермендер
Би « Ұлдар биі» жүрек биі.
Қорытынды.
Әділқазы алқасы қорытындылап, сайыстың кезеңдері бойынша саралап «Өнерлі ана», «Мейірімді ана», «Инабатты ана», «Шебер ана», «Зерделі ана», «Парасатты ана» номинацияларымен марапаттайды, сыйлықтар табыс етеді.
Біз сыйлықты дүкенен сатып алмаймыз.
Өз өнерімізді қолымыздан жасаймыз.
Аналар күніне бір-бірден сыйлаймыз!
Бүгінгі мерекеге өздерінің қолдарымен жасаған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер. ( балалар гүлдерімен ортаға шығады
Аналар,әжелер біздің ұлдар текқана аналарға емес және қыздарға да сыйлықтар дайындаған,соны табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді
Өмір-думан, бақ әкелсін мереке -дей отыра бүгінгі мерекеге арналған ертеңгілігіміз аяқталды, келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет.