🌸 Балдырған тобы: "Жаз келді – гүлдер" аппликациясы
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
Жаз мезгілі – табиғаттың түрленіп, гүлдер жайнайтын тамаша шағы. Осы мезгілдің ерекше сұлулығын сезіну мақсатында Балдырған тобының балалары «Жаз келді – гүлдер» атты аппликация жұмысымен айналысты.
Балалар түрлі-түсті қағаздардан гүлдердің күлтелері мен жапырақтарын қиып, өз қолдарымен әдемі композициялар құрастырды. Шығармашылық жұмыс барысында балалар тек қана қиялдарын іске қосып қоймай, ұқыптылыққа, әдемілікке, бір-бірін тыңдауға да үйренді.
Аппликациядан кейін әр бала өз жұмысын таныстырып, не бейнелегенін айтып берді. Бұл олардың сөздік қорын дамытып, өз ойын еркін жеткізуге көмектесті.
Іс-шара өте көңілді әрі қызықты өтті. Балалар жаздың шуақты көңіл-күйін қағаз бетіне түсіріп, шығармашылық әлеміне бір қадам жақындай түсті.