Ата-аналарға консультативтік көмек көрсету пунктінің
2024–2025 оқу жылының I жартыжылдығына арналған ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Мекеме атауы: «МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы
1. Мақсаты мен міндеттері:Ата-аналарға консультативтік көмек көрсету пунктінің негізгі мақсаты – балабақшаға бармайтын, бірақ педагогикалық және психологиялық қолдауды қажет ететін мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуындағы қиындықтарды дер кезінде анықтап, ата-аналарға кәсіби кеңес беру арқылы баланың дамуын қамтамасыз ету
Міндеттері:
- Балалардың даму ерекшеліктерін анықтау;
- Әлеуметтік, эмоционалдық, сөйлеу, танымдық дағдыларын бағалау;
- Ата-аналарға қажетті бағытта кеңес беру;
- Баланың дамуына қолайлы жағдай жасау жолдарын ұсыну;
- Баланы балабақшаға бейімдеуге көмектесу.
2. Жұмыс бағыты:
2024 жылдың қыркүйек айынан бастап ата-аналардан түскен өтініштер мен тәрбиешілердің бағыттауы негізінде 4 отбасы консультативтік пунктке тіркеліп, олармен тұрақты жұмыс жүргізілді.
3. Мониторинг нәтижесі бойынша қамтылған отбасылар мен балалар:
Қадыр Шахназ Жанболатқызы (4 жас)
- Отбасы жағдайы: Балабақшаға бармайды, ата-анасы үйде тәрбиелейді
- Мәселесі: Сөйлеу дамуы кешеуілдеген
- Іс-шаралар:
Логопед, дефектолог, психолог мамандарымен кеңес ұйымдастырылды
Ата-анасына үй жағдайында тіл дамыту жаттығуларын өткізу әдістемесі берілді
Баланың сөйлеуін күнделікке жазып бақылау ұсынылды
Ай сайынғы бақылау жүргізілді
Баешева Сезім Серікболқызы (3 жас)
- Отбасы жағдайы: Балабақшаға бармайды, әлеуметтік ортаға бейімделмеген
- Іс-шаралар:
Анасына кеңес беру . Топтық ойындарға қатысуға мүмкіндік жасалды
Ата-анасына ойын арқылы дамытудың маңыздылығы түсіндірілді
Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған күнделікті тапсырмалар берілді
(Қазіргі таңда Сезім мектепалды даярлық топ сыныбына барып жүр)
Тілеген Медина Диясқызы (4 жас)
- Отбасы жағдайы: Ата-анасы жұмысбасты, бала көп уақытын үйде өткізеді
- Мәселесі: Танымдық және сөйлеу дамуы бәсең
- Іс-шаралар:
Еріктілердің көмегімен күн сайын оқыту және дамыту ойындары ұйымдастырылды
Оқу құралдары, көрнекіліктер, дыбыстық карточкалар берілді
Ата-анасына күн тәртібін құру және баламен сапалы уақыт өткізу бойынша кеңес берілді
Самат Мұзафар Бейбітұлы (3 жас) және Самат Омар Бейбітұлы (4 жас)
- Отбасы жағдайы: Көпбалалы отбасы, балалар балабақшаға бармайды
- Мәселесі: Оқу материалдарын қабылдауда қиындықтар бар, назар тұрақсыз
- Іс-шаралар:
Әр балаға жеке оқыту бағыты жасалды
Баланың даму деңгейіне сәйкес тапсырмалар дайындалды
Ата-анасына көпбалалы отбасындағы әр баламен жеке жұмыс жүргізу жолдары түсіндірілді
Баланың оқу-іс әрекетіне қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түрлері ұсынылды
4. Ата-аналарға берілген кеңестер бағыттары:
Кеңес түрі |
Мақсаты |
Психологиялық кеңес |
Баланың эмоциялық тұрақтылығын, әлеуметтік бейімделуін қолдау |
Педагогикалық кеңес |
Үйде оқыту әдістері, оқу ойындарын ұйымдастыру, оқу құралдарын қолдану |
Әлеуметтік кеңес |
Ата-аналардың отбасылық жағдайына байланысты жәрдем жолдары мен баламен жеке жұмыс жүргізу тәсілдері
|
5. Балабақшаға бейімделуге және басқа мәселелер бойынша көмек көрсету жұмыстары:
Бейімделу кезеңінде 10 ата-анаға кеңес берілді.
Көтерілген тақырыптар:
- Балабақша режиміне үйрену тәсілдері
- Эмоциялық бейімделу мен ата-ананың рөлі
- Бала мен тәрбиеші арасындағы байланыс
- Балаға қолдау көрсету жолдары
Кеңестер жеке және топтық түрде өткізілді. Ата-аналар белсенділік танытып, бейімделу процесі оң нәтижесін берді.
6. Қорытынды және ұсыныстар:
Ата-аналар консультативтік пункті арқылы жұмыс жасау барысында ата-аналар мен мамандар арасында өзара тиімді байланыс орнатылды. Әрбір отбасыға жеке жоспар жасалып, даму динамикасы қадағаланды. Көрсетілген көмек нәтижесінде кейбір балаларда сөйлеу белсенділігі мен әлеуметтік бейімделуде оң өзгерістер байқалды. Ата-аналар алдын ала жазылу журналына жазылып кесте бойынша психолог, әдіскер мамандарына жолықты, және есепке алу журналына белгіленіп отырды. Жарты жылдық бойынша 14 ата-ана консультативтік пункт арқылы кеңес алды. Барлық атқарылған жұмыс "Instagram" желісінде https://www.instagram.com/kulynshak_kiima/ және балабақша сайтында http://ds0007.zhaksy.aqmoedu.kz/content/plan-rabotykonsulytacionnogo-punkta-na-2024-2025-god жарияланған .
Ұсыныстар:
- Осындай отбасылармен жүйелі жұмыс жалғастырылуы тиіс
- Қажеттілігіне қарай мамандардың қабылдауын жиі ұйымдастыру
- Көмекке зәру басқа да отбасыларды анықтап, кеңес беру аясын кеңейту
- Ата-аналарға арналған тренингтер мен семинарлар өткізу