Текст
Білім берудің алғашқы баспалдағы болып табылатын мектепке дейінгі білім беру мекемесі көптеген қызметтер атқарады. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің міндеттерінің бірі баланы жан-жақты дамытумен қатар, балалардың мектепке дейінгі мекемеге бейімделуі мәселесін шешуі аса маңызды болып табылады. Баланың одан әрі даму табыстылығы көп жағдайда балабақшаға бейімдеу жұмыстарының қаншалықты сапалы әрі дер кезінде ұйымдастырылуына байланысты. Осыдан, мектепке дейінгі жастағы балалардың бейімделу мәселесінің аса маңызды екендігін аңғаруға болады.